Суббота, 24 ноября 2018 18:02

Өнеге Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Павлодар облыстық комитетінің мүшелері әлеуметтік қорғау саласы өкілдерімен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері, мүгедек, 96 жастағы Темеш Сембайдың шаңырағына барып, ақсақалға мүгедектерге арналған арба табыстады. Бұл мәселе бойынша ардагер ҚКХП Павлодар облыстық комитетіне жүгінген болатын.

1942 жылдың 12 желтоқсанында Темеш Сембай әскерге шақырылған. Қан майдан шайқастарға қатысып, бірнеше рет жарақат алған. 1944 жылы ДЕСК комиссиясының шешімі бойынша 3 топтағы мүгедек ретінде әскерден қайтарылған.

Елге  оралған соң Калининск мектебінде әскери жетекші болып қызмет жасаған. Кейін зоотехник жұмысына ауысқан. Жақсы еңбек еткен. Сыйлы азаматтардың қатарында болған. Сонан соң Қызылжар совхозына жұмысқа шақырылып, 1982 жылы құрметті демалысқа шыққан.

Соғыс ардагері бірнеше рет жеңіс медальдарымен марапатталған. Украина елшілігі «За освобождение Киева» медалін табыстаған. Сонымен қатар ол Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Мәскеудегі парадтың қатысушысы.

Ақсақал әлі күнге дейін тың, белсенді, қала мен облыстың қоғамдық өміріне қызығушылық танытып отырады. Бірақ соғыс жылдарын еске алғанды ұнатпайды. Ол: «Жер бетінде бейбітшілктен асқан бақыт жоқ. Соғыс бұл – қасірет, қайғы, өлім» дейді. Ардагер ескі фотосуреттер салынған альбомды ақтарып отырып, өзінің комсомолдық жастық шағы туралы, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құрамында тәжірибесі жайлы әңгіме өрбітті. Комсомолдың мерейтойына орай Темеш Сембайға  «БЛКЖО-ға 100 жыл» мерейтойлық медалі табысталды. 

Темеш Сембай - қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен үлгі бола алатын тұлға. Ол – Отан қорғаушысы, туған жерінің патриоты, қамқор әке, ардақты ата. Ақсақал өз сөзінде: «Мен бақытты адаммын, соғысты бастан кештім, бейбіт заман құруға атсалыстым, мен бақытты әкемін, атамын» дейді. 

Прочитано 30 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.