Пятница, 11 января 2019 09:53

Театрдағы ертегі әлемі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 4 қаңтарында Қостанай облыстық Орыс драма театрында 300 балаға арналған жаңа жылдық қойылым өтті.

Мерекеге сай безендірілген зал мен әсем шырша ата-аналар мен балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Балалар жаңа жылдық шырша маңында ертегі кейіпкерлерімен ойнап, кейін «Кот в сапогах» спектаклін тамашалады. Ертегі кейіпкерлерін жандандырған әртістердің шеберліктері оларды  жас көрермендердің ерекше ілтипаты мен қошеметіне бөледі. Ата-аналарды мерекенің тегін ұйымдастырылуы ерекше қуантты.  Олардың айтуынша, қойылым да, тәтті сыйлықтар  мен ойыншықтар да балаларға керемет қуаныш сыйлады. 

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті мен жаңа жылдық шыршаға қатысқан балалардың ата-аналары Қостанай облыстық Орыс драма театрының директоры, «Орыс қауымдастығының» төрағасы Юрий Ивлев пен Татьяна Моргуноваға алғыс білдіріп, театр ұжымына шығармашылық табыс, көрермен махаббатын, денсаулық пен бақыт тілейді. 

KostDramT 9KostDramT 9KostDramT 9KostDramT 9KostDramT 9KostDramT 9KostDramT 9KostDramT 9KostDramT 9

Прочитано 179 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.