Пятница, 11 января 2019 09:59

Талдықорғанда Д.А. Қонаевтың 107 жылдығына мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

10 қаңтар күні Талдықорғанда Д.Қонаевтың 107 жылдығына орай салтанатты митинг пен Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Кейін Оқушылар сарайында «Ұлыларды ұмытпау – парыз» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.

ҚКХП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сәуле Биғарова  бұл іс-шараның маңыздылығын айта келе, кездесу қонақтары мен қатысушыларын таныстырды. Іс-шараға Д.Қонаевтың жеке дәрігері А.Мүліков, әкесінің ағасы С.Нұрпейісов,  немересі Б.Бермен қатысты.  Бірінші хатшы Талдықорған қаласының құрметті тұрғыны, профессор, қонаевтанушы Х.Есдәулетованың рөлін ерекше атап өтті. Кездесуде профессор Х.Есдәулетова  Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен қызметі жайлы баяндама оқыды. Конференция барысында Қонаев туралы өлең оқылып, ән шырқалды, жергілікті музейге естелік сыйлықтар табысталды.

ҚКХП Алматы ОК

 AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18AlmKunayev107let 18

Прочитано 36 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.