Четверг, 10 января 2019 17:40

Астана қалалық комитеті мен L.C.S. заңгерлік фирмасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 9 қаңтарында ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдаулет Оразханов «L.С.S.» ЖШС директоры Мейрамбек Өтегеновпен кездесті.

Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оның негізінде ҚКХП Астана қалалық комитетінің қоғамдық қабылдауына заңгерлік кеңес үшін жүгінген азаматтар қажет болған жағдайда L.C.S. заңгерлік фирмасына жіберілетін болады. Бұл жерде азаматтардың  мәселелері түбегейлі қарастырылып, оларға қызмет көрсетіледі.

L.C.S. заңгерлік компаниясы 2008 жылдан бастап  қаржы ұйымдарына, заңды және жеке тұлғаларға кеңес, заңгерлік көмек көрсету, даулы мәселелерді шешу, қарызды сотқа дейін  өндіру, азаматтық-құқықтық сот ісін жүргізу, қылмыстық істер бойынша көмек, барлық жеке меншік формаларын заңдастыру сияқты  заңгерлік және консалтингтік қызмет көрсетеді.

Прочитано 30 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.