Вторник, 15 января 2019 11:01

Тау тұлға Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың қаңтар айында ҚКХП-ның партиялық бөлімшелері көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 107 жылдығын атап өтті. 

Д.А. Қонаев 1912 жылдың 12 қаңтарында Алма-ата қаласында дүниеге келген. 1936 жылы Мәскеу түсті металл және алтын институтын тәмамдап, еңбек жолын «Прибалхашстрой» тресінде бастаған. Қазақстанды шамамен 25 жыл басқарған. 1993 жылдың 22 тамызында қайтыс болған.

10 қаңтар күні  ҚКЖО-ның елордалық кеңсесінде ҚКХП Астана қалалық комитетінің ұйымдастыруымен Д.А.Қонаевқа арналған семинар өтті. Өз сөзінде Астана ҚК-нің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов Д.Қонаев бірінші басшы ретінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Көзі тірісінде Д.Қонаевпен жеке кездескен ҚК Бюро мүшелері Еркін Саркенов пен Нұрсұлу Сәлімбаева тамаша естеліктерімен бөлісті. Семинар қатысушылары Дінмұхамед Қонаевтың «О моем времени» және «От Сталина до Горбачева» атты еңбектерімен танысты.

Дәл осы күні ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің активі Д.А. Қонаевтың туған күніне орай кездесу ұйымдастырды. Обкомның бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов Д.Қонаевпен жеке кездесуі, Димаш Ахметұлының зиялылығы мен адамгершілігі туралы әңгіме қозғады.

Ал  12 қаңтар күні Алматыда Д.Қонаевтың қола мүсініне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Тарихи тұлғаға тағзым етуге ҚКХП Алматы қалалық комитетінің өкілдері, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер, студенттер мен оқушылар жиналды.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің хатшылары Жарылқасын Нұрәлиев пен Жанат Бастаубаева партия белсенділерімен, қоғамдық және мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге, ұлы тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға жиналды. Сонымен қатар белсенділер Д.Қонаев атындағы Халықаралық қордың облыстық бөлімшесінің жұмысына қатысты.

 Өз кезегінде Алматы облысының коммунистері Талдықорған қаласының қоғам өкілдерімен бірлесе отырып бірнеше іс-шара өткізді. Ең алдымен салтанатты митинг және Д.Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Кейін оқушылар сарайында «Ұлыларды ұмытпау – парыз» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Конференция барысында профессор, Талдықорған қаласының құрметті тұрғыны Хания Есдәулетова Дінмұхамед Ахметұлының өмірі мен қызметі туралы айтып берді.  Кездесуде Қонаев туралы өлең оқылып, ән шырқалды. Кеш соңында жергілікті музейге естелік сыйлықтар табысталды.

 ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті  партия ардагерлері, коммунистер мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен семинар өткізді. Д.Қонаевтың өмірі туралы видеролікті тамашалаған соң, партия ардагерлері Дінмұхамед Ахметұлымен жүздескен кездерін еске алды. Олардың айтуынша,  Дінмұхамед Ахметұлы ауыл шаруашылығының өркендеуіне ерекше мән берген, саланың өзекті мәселелерін жеке өзі шешуге тырысқан.  Барлық қатысушылар Д.А. Қонаев туралы жақсы лебіздерін жеткізді. Себебі аңыз адамның республиканың дамуына сіңген еңбегі өлшеусіз.

Осындай акциялар мен іс-шаралар ҚКХП-ның өзге де аймақтық бөлімшелерінде ұйымдастырылды.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3Мангистау 3

Прочитано 51 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.