Понедельник, 14 января 2019 13:01

Ұрпақтар сабақтастығы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 11 қаңтарында ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитеті Д.Қонаевтың 107 жылдығына орай семинар өткізді. Облыстық комитеттің бірінші хатшысы С.Жарлығасымов Дінмұхамед Ахметұлының бойында адамгершілік пен мемлекеттік ауқымда ойлау қабілеті үйлесім тапқан дара тұлға екендігін атап өтті.

Семинар қатысушылары Д.А. Қонаевтың өмірі мен еңбек жолымен танысып шықты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. 1912 жылдың 12 қаңтарында Верный қаласында дүниеге келген. Қазақ КСР Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы (1960-1962, 1964-1986), КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі (1971-1987), үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982) болған. 100 астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1952). 1936 жылы Мәскеу түсті металл және алтын институтын тәмамдаған.

Қонаев тұлғасының дамуы қатал орталықтандырылған әкімшілік жүйе жағдайында сталиндік кезеңге тұспа тұс келді. Оның тағдыры әлеуметтік-экономикалық үдерістердің ықпалымен қалыптасты.

Д.Қонаев - республиканың дамуына елеулі үлес қосқан басшы. Оның даму бағдарламасы өндірістік өнеркәсіптің қалыптасуына, ауыл шаруашылығы мен қарқынды құрылысқа бағытталды.  Қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдай халықтың демографиялық өсіміне де оң ықпалын тигізген. Басқару сапасын арттыру мақсатында жаңа үш облыс құрылып, мыңдаған елді мекендер бой түзеді. Олардың 43-і - қала. Республика әлеуетін қалыптастыруға ерекше назар аударылатын.

Дінмұхамед Қонаевтың қызметін қорытындылай келе, ол ел өмірінің әртүрлі кезеңдерінде жұмыс жасады деуге болады. Оның жасампаз еңбегі зая кеткен жоқ, оң тәжірибе сыртта қалмауы тиіс, оны жоғалтуға болмайды.

ZKOKunayev19 3ZKOKunayev19 3ZKOKunayev19 3

Прочитано 23 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.