Вторник, 15 января 2019 18:10

Қарағандылық коммунистер Д.Қонаевтың туған күнінде студенттермен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

12 қаңтар күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінің жетекшілері студенттермен және обком активімен кездесу өткізді. ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші және екінші хатшылары Александр Зевахин  мен Анатолий Баранов бұған дейін де партияның қызметі, қоғамдық қабылдау жұмысы, партияның өткізіп жүрген акциялары мен іс-шаралары туралы жастармен кездесулер өткізген.  Бұл жолғы кездесу көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың 107 жылдығына арналды.

- Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақ КСР Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы, КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі болған, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған. Ол 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Дінмұхамед Ахметұлы қарапайым отбасынан шыққан. Алма-ата қаласының №14 мектебін тәмамдаған. Мектеп қабырғасында жүріп, Қазақстан Мемжоспары аудандандыру секторында статист болып жұмыс істеген, кешкі уақытта институтқа  түсу үшін дайындық курстарына қатысқан. Мәскеу түсті металл және алтын институтын тәмамдап, тау ісі инженері мамандығын меңгерген. Институтты бітірген соң «Прибалхашстрой» тресінде жұмыс істеген. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында «Алтайполиметалл» комбинаты техникалық бөлімінің басшысы және бас инженердің орынбасары қызметін атқарған. 1964 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстанның КП ОК пленумы Дінмұхамед Қонаевты Қазақстан Коммунистік партиясы ОК-нің бірінші хатшысы етіп тағайындады. Оның жетекшілігімен Қазақстанның экономикалық әлеуеті арта түсті. Жоспарды уақытынан бұрын орындағаны үшін Балхаш пен Жезқазған кен-металл комбинаты Ленин орденімен, Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты, Ақтөбе Химия комбинаты, Қарағанды синтетикалық каучук зауыты, Ертіс көмір, Қарағанды ет комбинаты Қызыл Ту еңбек ордендерімен марапатталған, - деді Анатолий Баранов Д.А. Қонаевтың ел дамуына қосқан үлесі туралы.  

Студенттер халық коммунистерінің баяндамаларына үлкен қызығушылық танытты, сұрақтар қойды.

KRGKunayev19 5KRGKunayev19 5KRGKunayev19 5KRGKunayev19 5KRGKunayev19 5

Прочитано 207 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.