Вторник, 15 января 2019 11:33

Д.Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің кеңсесінде  Д.А.Қонаевтың 107 жылдығына арналған семинар өтті. Оған қаланың құрметті ардагерлері мен партияның Жастар қанаты қатысты.

Жастар Қаз КСР Коммунистік партиясын 36 жыл басқарған мемлекет қайраткерінің өмірбаянына үлкен қызығушылық танытты. 

Ұйымдастырушылар  Павлодар облысының республиканың  ірі өнеркәсіп орталығына айналуы Д.Қонаевтың еңбегі екенін ерекше атап өтті. Облыстың ірі кәсіпорындары: алюминий, ферроқорытпа, трактор, машина құрылысы зауыттары, «Октябрь» зауыты, Ертіс-Қарағанды каналы, көмір разрезі, «Майқайыналтын» комбинаты, Ермаков МАЭС-і, Екібастұз 1,2 МАЭС-і Д.Қонаевтың басшылығы кезінде салынып, пайдалануға берілген.

Журналист Мадат Ақкозин Дінмұхамед Қонаев өзінің жоғары лауазымына қарамастан, өте қарапайым адам болғандығын айтты. Ол күнде таңертең Үкімет үйіне жаяу барған.  Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы қызметінде бола тұра, Алматы орталығында үш бөлмелі пәтерде тұрған. Басқа үйге көшкен соң, ол өз пәтерін жазушы Әлжаппар Әбішевке сыйлап кеткен.

«Мен да Алматының орталығында тұрдым. Жұмысқа Коммунистік даңғылмен жүретінмін. Кейде жаяу жүріп бара жатқан Қонаевты көретінмін. Бұл туралы айтсам, маған ешкім сенбейді. Мемлекеттегі бірінші адамның жаяу, күзетшілерсіз жүргендігіне сену қиын. Біздің білуімізше, Қонаев Министрлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалғанда, академик атағының 340 рубль құрайтын төлемақысынан бас тартқан.  Ол бұл қаражатты балалар мен жас ғалымдарға көмек ретінде пайдалануға рұқсат берген. Бұл шынайы қарапайымдылық болатын, оған деген сенімді нығайтатын», - дейді М.Ақкозин.

Өз естеліктерімен Павлодар қаласының құрметті тұрғыны М.Д. Демесінов пен Ш.К. Сейтахметов та бөлісті. 

Дінмұхамед Қонаев өзінен кейін мынадай сөз қалдырған:  «Оправданий себе не ищу, решения принимал правильные и неправильные: были ошибки и удачи. Но одно знаю точно: нельзя много времени быть «во главе». Теряется чутье к окружающим тебя лицам, свежих мыслей не понимаешь или не принимаешь, перестаешь быть критичным по отношению к себе. Делаешь неизбежные промахи, и более всего – в кадровой политике. Окружать себя надо не поклонниками, а умами, трансформирующими идеи».

Прочитано 59 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.