Четверг, 17 января 2019 11:51

Депутат Тұрғын Сыздықов көкөніс қоймаларының жұмыс жағдайымен танысты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

15 қаңтар күні ҚКХП-ның Парламент Мәжілісіндегі депутаты Тұрғын Сыздықов Астана базарларындағы көкөніс пен жеміс-жидектердің сақталу жағдайымен танысты.

Депутат «Сапа» базары мен «Шапағат» коммуналды базарының көкөніс қоймаларында болды. Кейін халық қалаулысы «А+» санатына жататын Астана қаласының көлік-логистика орталығында «Continental Logistics» ЖШС-нің кәсіпкерлікті дамыту бойынша директор орынбасары Нұрлан Абибуллинмен кездесті. «Астана» КЛО жобасы басты республикалық магистраль Қарағанды-Астана трассасында орналасқан. Орталық «Қырқыншы» темір жол станциясы  мен айналып өтетін автожолға  жақын орналасқандықтан, ыңғайлы көлік жол айырығы болып табылады.  Сонымен қатар нысан аумағында бес шақырымдық темір жол пайдалануға берілген.

Бұдан кейін мәжілісмен «Arul Communication» ЖШС-нің көкөніс қоймасында болды. Бұл жерде ол қойма меңгерушісі Арслан Бейсембаевпен кездесті. Қойма көкөністерге арналған үш, ал жеміс-жидектерге арналған бір тоңазытқыш камерасымен жабдықталған, сондай-ақ жеті вентиляциялық жүйе орнатылған. Қойманың жалпы аумағы 3600 шаршы метрді құрайды, бұл 10 мың тонна азық-түлікті сақтауға мүмкіндік береді.

AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16AstOvosh 16

Прочитано 171 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.