Четверг, 17 января 2019 17:11

ШҚО коммунистері Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері үшін семинар-сабақ өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 17 қаңтарында Шығыс Қазақстанның халық коммунистері Өскемен экономика және қаржы колледжінде  семинар-сабақ өткізді. Семинардың басты тақырыбы кеңестік және қазақстандық саяси қайраткер Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 107 жылдығына арналып, оның өмірі мен қызметі туралы айтылды.

Семинарға колледждің 3 курс студенттері мен тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Людмила Салабаева қатысты.  Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы Сергей Михеев Дінмұхамед Қонаевтың қарамағында жұмыс істеген, онымен жақын таныс болған адамдардың естеліктеріне негізделген Д.А. Қонаевтың өмір жолы туралы лекция оқыды.   Әсіресе Д.А. Қонаевтың 1939-1942 жылдары Шығыс Қазақстандағы «Алтайполиметалл» комбинатындағы бас инженер және Риддер кен орнының директоры қызметіндегі еңбегі жайлы көп айтылды.  Сонымен қатар қатысушылар Д.А.Қонаевтың ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы мен ҚКП-нің бірінші хатшысы ретінде Шығыс Қазақстан өңіріндегі жұмыс сапарлары жайында хабардар болды.

Семинар соңында обком қызметкерлері студенттердің сұрақтарына жауап беріп, колледж директорының орынбасары Людмила Салабаеваға семинар ұйымдастыруға ұйытқы болғаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ колледжге «Коммунист Казахстана» журналы мен ҚКХП-ның белгісі бар естелік салпыншақтар табысталды.

VKOKunayev4VKOKunayev4VKOKunayev4VKOKunayev4

Прочитано 189 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.