Среда, 23 января 2019 12:03

Павлодарда ТКШ мәселелеріне арналған семинар өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті Павлодар облысы ПИК төрағалары ассоциациясымен бірлесе отырып ТКШ мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинар барысында бұрынғы қала әкімі  Н.Әшімбаевтың бастамасымен құрылған Ассоциацияның 2018 жылғы жұмыс  қорытындысы жарияланды. Бұл уақыт аралығында бастамашыл топ құрылып, ПИК төрағалары өздерінің ұйымшылдықтарын сезінді. 

Ассоциация ірі монополист «Павлодар жылу жүйелері» ЖШС-мен тығыз байланыс орнатқан. Тұрақты түрде Ассоциация мүшелері мен осы кәсіпорын инженерлерінің кездесулері өткізіледі, техникалық мәселелер шұғыл  түрде шешіледі. Бірлестік мүшелерінің жоспарлары өте көп, пунктердің ішінара орындалуының өзі ПИК жұмысын жақсартып, қала тұрғындарының өмір сапасын арттырады.

Павлодар облыстық комитеті Ассоциацияның қала әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бастамасын қолдайды. Оның мақсаты ТКШ қызметін жетілдіру бойынша жұмыс жоспарын келісу болып табылады.

Прочитано 37 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.