Четверг, 24 января 2019 12:00

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Қ.П. Қожамжаровқа

Депутаттық сауал 

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті Қайрат Пернешұлы!

Мемлекет басшысының республиканың тұрғын үй-коммуналды шаруашылық қызметіне айтқан сыны, бұл сала бойынша тәртіп орнату мен халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға қатысты алға қойылған міндеттер барлық мемлекетті әрекетке итермелеп, бүкіл қоғамның қызығушылығын оятты.

Коммунист-депутаттар Республика Президентінің маңызды тапсырмасы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған деп санайды. Бұған отбасылық бюджетке қаржылық салмақ салмай, ТКШ тарифтерін қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру, коммуналды қызметтің жасырын және көшірме төлемдерін жою арқылы қол жеткізуге болады.

Осыған орай біз Үкімет назарын көп жылдар бойы көп қабатты үй тұрғындарын мазалап жүрген маңызды мәселелердің біріне аудартқымыз келіп отыр. Монополистер алдындағы жалпы үй қажеттіліктерін кім өтейді? Бұл жеке сұрақ емес. Бұл мәселе ТКШ қызметінің тарифіне әсер етіп қана қоймай, мемлекеттік органдардың абыройына нұқсан келтіреді.

Заңнамада белгіленген ПИК пен оның мүшелері арасындағы қарым-қатынас талаптары, әсіресе ЖҮҚ (ОДН) төлемі бойынша, ҚР Үкіметінің «Энергетика саласындағы нормативті құқық актілерін бекіту туралы» 7.12.2000 жылғы №1822 Қаулысының талаптары,  Астана қ. Әкімдігінің 30 сәуір 2015 жылғы Қаулысында бекітілген құқықтар орындалмайды. Бұл Қаулыда ПИК негізінен жалпы үй қажеттіліктерін орындау үшін құрылғандығы анық жазылған.

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің 2009 жылдың қараша айынан бастап тұтынушылардан тікелей төлем қабылдауға тыйым салатын бұйрығы да елеусіз қалды.

«Астанаэнергосбыт» және жергілікті жерлердегі монополистер өздерінің ішкі ережелерімен барлық заңнаманы бұғаттап отыр. Мұның барлығы құзыретті мемлекеттік органдардың үнсіз келісімдері арқылы іске асып отыр.

Монополистердің тұтынушыларға типтік келісімдерді жіберіп жатқандарына жиырма жылдан астам уақыт өтті. Қарапайым адамдарға заңгерлік қағидаттарды түсіну қиын, сондықтан олар ойдан алынған есептеулер бойынша төлем жасайды. ЖҮҚ заң бойынша ПИК-қа төленетін ай сайынғы эксплуатациялық төлемдерге қосылғандығын тұтынушылардың барлығы біле бермейді. Бір қызмет үшін екі төлем алынады.

Келісім мәтіні  монополияға қарсы органдармен келісілмейді, тарифтер бекітілмейді. Тұрғындары пәтерде уақытша тұрмайтындарға да ЖҮҚ есептелінеді. Үй тұрғындарының ЖҮҚ есептеуіштерін көру мүмкіндігі жоқ.  Монополист  шот-фактураға қызметтің барлық шығындарын, сонымен қатар жеке шығындарын да қосып отырады.

Бұған дейін Астанада ғана байқалған жағдай, қазіргі кезде Алматы, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау қалалары мен бірқатар облыстарда орын алып отыр. Бұған дейін ЖҮҚ шығындарына электр энергиясы ғана қосылатын, қазіргі кезде ыстық су үшін төлем де енгізілген («Каспий жылу арнасы» МҚК»).

Сонымен қатар коммуналды қызметтерді реттеп отыратын есептеуіш құралдарын сатып алу және орнату, оларды жөндеу және ауыстыру, өз есебіне мемтексеруге тапсыру фактілері жиіледі. 

Коммунистерді кейбір меморгандардың  Мемлекет басшысының «Заңнамада анархияға жол жоқ, заң бұзушылықты анықтау арқылы ел мүддесін қорғау керек» деген сөзіндегі талаптарды жеткілікті ұғынбағандығы алаңдатады. Бұл мемқұрылым, монополистер мен халық арасындағы әділ қарым-қатынас қалыптастыруға кедергі келтіреді.  

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті Қайрат Пернешұлы!        

Сіздерден айтылған фактілерге тексеріс жүргізуді және монополистердің қолданыстағы заңнамаға сай қызмет көрсетуі бойынша шара қабылдауларыңызды сұраймыз.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

Сыздықов Т. И.

Ахметбеков Ж. А.

Баймаханова Г. А.

Қоңыров А. О.

Косарев В. Б.

Магеррамов М. М.

Смирнова И. А.

23 қаңтар 2019 ж. жарияланды                         

Прочитано 128 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.