Пятница, 25 января 2019 14:32

Ақтөбе облыстық комитетінің белсенділері Әлімбетов ауылының тұрғындарымен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесу үшін үнемі аудандарды аралайды. Коммунистер осы жолы Әлімбетов ауылын бетке алды.

Кездесу кезінде ауыл тұрғындары облыстық комитеттің өкілдеріне күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерін айтты.

Адамдар жемқорлыққа, денсаулық сақтау, білім және құқық қорғау  салаларындағы кемшіліктерге шағымданып, азық-түліктің бағасы шарықтап бара жатқанына реніштерін білдірді. Сонымен қатар олар дипломы бар адамдар заңға томпақ келетін әрекеттердің салдарынан жұмыссыз жүргенін жеткізді. Ауыл тұрғындары заң талаптары сақталмайтынын, қолынан келетіндер заңды белінен басатынын алға тартты. Алайда олар жақсылықтан үміт үзбейді, күндердің күнінде жағдай жақсарады деп үміттенеді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындарына «Коммунист Казахстана» журналы таратылды.

AktAlimbet 7AktAlimbet 7AktAlimbet 7AktAlimbet 7AktAlimbet 7AktAlimbet 7AktAlimbet 7

Прочитано 11 раз
Другие материалы в этой категории: « «Достар арасында»

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.