Четверг, 24 января 2019 15:46

CҚО коммунистері Д. Қонаевты еске алды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Биыл 12 қаңтарда аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, үш мәрте Социалистік еңбек ері Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың туғанына 107 жыл толды.

Д.А. Қонаев жетекшілік еткен жылдары Қазақстан экономикалық өрлеу кезеңін бастан кешірді. Республиканың өндірістік әлеуеті артып, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері бірнеше рет «миллиард пұт» астық өндірді.

Д.А. Қонаевтың өте қарапайым басшы болғаны соншалық, ол жұмысына жаяу барған. Ол өзін эфирден бірнеше рет көрсетуге де келісім бермеген.

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің жарқын бейнесін жадыларда жаңғырту үшін еске алу шарасын ұйымдастырды. Іс барысында Д. Қонаев азамат, тұлға және қайраткер ретінде әспеттелді.

SKOKunayev 4SKOKunayev 4SKOKunayev 4SKOKunayev 4

Прочитано 15 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.