Среда, 23 января 2019 11:51

Қостанай облыстық комитеті тарифке қатысты дөңгелек үстел өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті «Тариф қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту үшін» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Жиынға монополист-компанияның қызметкерлері, шенеуніктер, саяси партиялардың өкілдері және журналистер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында монополист-компанияның атынан сөз сөйлеген мамандар тарифті төмендету бағытында атқарған жұмыстары жайлы есеп берді.

Қостанай жылу энерго компаниясы директорының орынбасары В.Солодов

борышкерлермен қалай жұмыс істегенін тілге тиек етті.

Дөңгелек үстел қорытындысында қарар қабылданып, оған ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің тарифті төмендетуге қатысты ұсыныстары енгізілді.

Облыстық комитет өкілдері ҚР Үкіметіне тариф қалыптастырушы

монополист компанияларға тарифті төмендетуге қатысты механизм ұсынуды, Парламент Мәжілісінің депутаттарына тариф қалыптастырудың механизмін  бақылауға алуды, облыстық, қалалық, аудандық Қоғамдық кеңестерге халықтық бақылау құқығын беруді ұсынды.

Қорытынды құжат ҚКХП Орталық Комитеті мен «Халық коммунистері» фракциясының депутаттарына жолданды.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті

KostKrugStol 5KostKrugStol 5KostKrugStol 5KostKrugStol 5KostKrugStol 5

Прочитано 9 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.