Понедельник, 28 января 2019 11:53

СҚО комсомолдары Холокост құрбандарын еске алды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

25 қаңтарда С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Петропавл қаласының студенттері үшін Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күніне орайластырылған жиын өтті.

Холокост термині 1933-1945 жылдар аралығында сол кездегі Германияның түрлі этникалық және әлеуметтік топтарын жаппай қыру кезінде пайда болды.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 27 қаңтарды Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні ретінде бекітті. Бұл құжаттың қабылдануына Израиль, Канада, Австралия, Ресей, Украина, АҚШ бастамашы болды. Аты аталған елдерді 90 мемлекет қолдады. 1945 жылы 27 қаңтарда кеңес әскері Освенцим концлагеріндегі тұтқындарды  азат етті.

Жиналғандардың алдында ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті Жастар қанатының жетекшісі Виктор Сауков сөз сөйледі.

«Біз қазіргі қоғам ксенофобиясыз, расизмсіз, шектеусіз өмір сүруі үшін біз жас буынның тәрбиесіне ерекше назар аударуға тиіспіз», – деді ол.

SKOHolokoste 6SKOHolokoste 6SKOHolokoste 6SKOHolokoste 6SKOHolokoste 6SKOHolokoste 6

Прочитано 42 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.