17 қаңтар күні ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің мүшелері Жаңаөзен қаласында «Партия дауысы» акциясын өткізді. Коммунистер акция барысында қала тұрғындарын «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының депутаттық сауалдарымен таныстырып, «Коммунист Казахстана» журналы мен партияның белгісі бейнеленген күнтізбелер таратты.
Сонымен қатар жеке сұрақтар бойынша азаматтар қабылданды. Қабылдау барысында түскен ұсыныстар мен мәселелер назарға алынып, әрі қарай талданатын болады.
Сапар соңында коммунистер «БЛКЖО-ға 100 жыл» мерейтойлық медалімен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуандық Бекмағанбетов пен ардагер Мұса Ходжабековты марапаттады.