Среда, 30 января 2019 11:34

Астаналық коммунистер Д.Қонаев атындағы колледж басшыларымен және студенттерімен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Астана қалалық бөлімшесінің қызметкерлері елордадағы Д.Қонаев атындағы колледжде кездесу ұйымдастырды. 

Басқосу  барысында оқу ордасының басшыларымен алдағы уақытқа жоспарланып отырған «Жастар  – еліміздің стратегиялық ресурсы» атты дөңгелек үстелге колледж студенттерінің қатысу мүмкіндігі талқыланды.

Сонымен қатар студенттер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, өскелең ұрпақ Үкіметтің жастарға қатысы қандай бағдарламаларды жүзеге асырғанын қалайтыны анықталды.

Жиын соңында қалалық комитеттің қызметкерлері колледж ұжымына партия нышаны бейнеленген 2019 жылдың күнтізбесін табыс етті.

AnketAst 4AnketAst 4AnketAst 4AnketAst 4

Прочитано 76 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.