Среда, 30 января 2019 17:28

Петропавлда Ленинградтың қоршаудан босағанының 75 жылдығы атап өтілді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

26 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы ассамблеясының ғимаратында Ленинградтың қоршаудан босағанының 75 жылдығына арналған жиын өтті.

1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1944 жылдың 27 қаңтарына дейін жау қоршауында болған Ленинград қаласына 1965 жылы 8 мамырда «Батыр қала» атағы берілді. Қала қоршауда қалған кезде 1,5 млн адам қаза тапты. Оның 97%-ы аштықтан көз жұмды.

ҰОС-дағы бұл шайқас тарихта «Ленинград блоккадасы» деген атпен қалды. Ленинградты қорғауға, оның түбіндегі жау әскерлерін талқандауға Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар (310, 314-атқыштар дивизиялары) қатысты. Мыңдаған қазақстандықтар Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. Ладож көлінің үстіндегі мұз арқылы салынған жолды қамтамасыз еткен 340 жауынгердің  ішінде қазақстандықтар да болды

Жиында ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті Жастар қанатының жетекшісі Виктор Сауков сөз сөйледі. Ол 314 атқыштар дивизиясы Ленинград қаласын ерлікпен қорғағанын, оның жеке құрамындағы жауынгерлердің 70%-ы Солтүстік Қазақстан облысында туғанына тоқталды.

SKO75Letie 4SKO75Letie 4SKO75Letie 4SKO75Letie 4

Прочитано 133 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.