Четверг, 31 января 2019 14:49

Семей коммунистері Ленинградтың қоршаудан босау күніне арналған іс-шараға қатысты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Семейдің халық коммунистері соғыс және еңбек ардагерлерінің Халықтық хорымен, Қызмет көрсету саласы колледжінің студенттерімен бірлесе отырып,  Офицерлердің гарнизон үйінде  Лениградтың қоршаудан босатылуының 75 жылдығына орай кездесу өткізді.

Кездесу барысында кітапхана меңгерушісі Ф.Күлекенова мұндай іс-шаралардың жас ұрпақ пен барлық қоғам санаты үшін маңыздылығын атап өтті. «Бұл арқылы ұрпақ сабақтастығы жалғасып, жоғарғы буыннан жас буынға адамгершілік құндылықтар беріледі», - деді ол.

ҚКХП Семей қалалық комитетінің хатшысы О.Шишкина өз сөзінде ҚКХП өз қызметінде кеңестік кезеңнің тарихи фактілерін сақтап қалуға тырысатындығын атап өтті. «ҚКХП заманауи конъюнктураға сай тарихты қайта жазуға қарсы. Кеңестік азаматтың моральді бейнесі мен патриотизмі жас ұрпаққа жаңа белестерді бағындыру үшін үлгі бола алады», - деді хатшы.

Қатысушылар Ленинград тағдырында қазақстандықтардың рөлі тақырыбына ерекше мән берді. Ұлы ақын Жамбыл Жабаев, оның қоршаудағы қала тұрғындарына арналған поэмасы мен қазақтың қарапайым жауынгерлері, сол кезде Ленинградта білім алып жатқан қазақ студенттері жайлы айтылды. Отырысқа қатысушы ҚР ІІ ардагерлері А.Коновалов, Р.Махудаев пен ҚР ІІ майоры М.Жұмағұлов осы тақырып төңірегінде сөз қозғады.

Ардагерлердің халықтық хоры әскери әндер шырқады. Кездесу соңында барлық қатысушылар қоршау күндері Ленинградта қаза болғандардың құрметіне бір минут үнсіздік жариялады.

Semey19Semey19Semey19Semey19Semey19

Прочитано 136 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.