Понедельник, 04 февраля 2019 12:26

Депутат Жамбыл Ахметбеков шымкент коммунистерімен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

1 ақпан күні ҚКХП Шымкент қалалық комитетінің кеңсесінде ҚКХП ОК Хатшысы, Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбековтың қалалық комитет активімен кездесуі өтті.

Шымкенттік коммунистер мегаполис тұрғындарының біраз мәселелерін тілге тиек етті: көшелерді жарықтандыру, коммуналды төлемдер мәселесін шешу, тыл еңбеккерлерінің көкейінде жүрген мәселелер, спорт пен денешынықтыру саласын дамыту қажеттілігі және т.б. Халық қалаулысы жоғарыда айтылған мәселелердің оңтайлы шешілуіне атсалысуға уәде берді.

Дәл сол күні мәжілісмен Сайрам ауылының бастауыш партұйымы активімен және Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу  облыс пен ТМД елдеріне танымал саяхатшы, жазушы, журналист Анварбек Пардабековтың музей-үйінде өтті. Музей жәдігерлерімен танысқан соң, депутат қатысушыларды «Халық коммунистері» фракциясының қызметімен, партия жұмысымен  таныстырды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі аспектілері талқыланды.

Қатысушылар өз мәселелерімен бөлісті. Әсіресе мүгедектерге арналған жәрдемақы, негізсіз жоғары тарифтер, балаларға төленетін жәрдемақының дұрыс есептелмеуі және т.б.

Кездесу соңында Жамбыл Ахметбеков Сайрам аудандық комитетінің жаңа екі мүшесіне партбилет табыстады. Кейін халық қалаулысы мен жиынға қатысушылар Қазақстанның республикалық маңызы бар сәулет ескерткіштерінің тізіміне енген Ибраһим ата  кесенесіне барып қайтты.

VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15VstrAkhmetb1 15

Прочитано 34 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.