Понедельник, 04 февраля 2019 17:38

Депутат Магеррам Магеррамов Павлодар облыстық комитетінде азаматтарға қабылдау жүргізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

1 ақпан күні Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының мүшесі Магеррам Магеррамов Павлодар қаласында жұмыс сапармен болып қайтты.  Депутат  ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің кеңсесінде облыстық комитет активімен кездесіп, азаматтарға жеке сұрақтар бойынша қабылдау жүргізді.

Халық қалаулысының қабылдауына Екінші Павлодар ауданының тұрғындары келді. Олар жеке сектордағы жерасты суларының көтерілу мәселесін жеткізіп, дренажды жүйе орнату қажеттілігін айтты.  Ал  «Весна» бақ шаруашылығының төрағасы электрмен жабдықтау көтерді. Жетекшінің айтуынша, жергілікті билікке жолданған өтініштер жауапсыз қалды.

Әскери қызметкерлер өз құқықтарының бұзылып жатқандығы туралы шағымданды. Еңбек келісім-шартын тоқтату үшін оларға жағымсыз мінездеме жазылып беріледі, себебі жұмыс беруші жұмыстан шығарар алдында үш күн жұмыста болмады деп белгілейді де бап бойынша жұмыстан шығарады.

Сонымен қатар аймақта медициналық институт ашу қажеттілігі туралы сөз қозғалды. Себебі медицина қызметкерлерінің тапшлығы медициналық қызмет сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Кездесуге қатысушылар заңгерлік сипаттағы сауалдар да жолдады, әсіресе жер және жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу  заңнамаларының тармақтарын түсіндіруге қатысты.

PavlMMagerramov 14PavlMMagerramov 14PavlMMagerramov 14PavlMMagerramov 14PavlMMagerramov 14PavlMMagerramov 14PavlMMagerramov 14PavlMMagerramov 14PavlMMagerramov 14PavlMMagerramov 14PavlMMagerramov 14PavlMMagerramov 14PavlMMagerramov 14PavlMMagerramov 14

Прочитано 37 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.