Понедельник, 04 февраля 2019 15:14

Қоғамдық талқылау ленинградтықтардың ерлігі мен қаһармандығына арналды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

4 ақпанда ҚКХП Батыс Қазақтан облыстық комитеті Ленинградтың қоршаудан босатылғанының 75 жылдығына арнап, қоғамдық талқылау өткізді.

Жиынды ҚКХП БҚО бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов ашты. Ол ленинградтықтардың  ерлігі мен қаһармандығына ерекше тоқталды.

Басқосу барысында облыстық комитеттің екінші хатшысы Ниязбек Есеналиев баяндама жасады.

– Ленинград шайқасы 1941 жылғы 8 қыркүйектен 1944 жылғы 27 қаңтарға дейін жалғасты. 1941 жылғы 8 қыркүйекте немістер Шлиссельбургті жаулап алып, Ленинградтың сыртпен байланысын шектеді. Неміс әскерлері негізгі соққыны Луга арқылы Красногвардейскіге қарай бағыттады. Осымен бір мезетте фин әскерлері Карель мойнағында Петрозаводскіге қарай шабуылға шықты. Жау шабуылына тосқауыл ретінде қаланы қоршай салынған қорғаныс шептерінің жалпы ұзындығы 900 шақырымға жетті. Қысқа мерзімде халық жасақтарынан 10 дивизия, көптеген партизан отрядтары құрылып, майдан шебіне жөнелтілді. Ленинград бағытында жау әскерлерінің шабуылына тойтарыс жасап, соққы беру міндеті құрамында 7, 23-армиялар (барлығы 8 дивизия) бар Солт. (23 тамыздан Ленинград майданы, қолбасшысы ген.-л. М.М. Попов) және құрамында 8, 11, 27-армиялар (31 дивизия және 2 бригада) бар Солт.-Батыс (қолбасшысы ген.-м. П.П. Собенников) майдандарының әскерлеріне жүктелді. Бұл екі майданның қимылдарын Солт.-Батыс бағытының бас командованиесі (бас қолбасшысы Кеңес Одағының Маршалы К.Е. Ворошилов) басқарды. 1941 ж. тамыз-қыркүйек айларында Ленинград майданының әскерлері аса қиын жағдайда қалып, 10 қыркүйекте армия генералы Г.К. Жуков майдан қолбасшылығына тағайындалды. Қоршаудағы Ленинград сыртқы дүниемен тек Ладога көлі және әуе жолы арқылы байланысты. Қаладағы әскерилер мен жалпы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі қиынға соқты. Қарашаның 20-сынан әр адамға тәулігіне берілетін нанның мөлшері 125-250 г-ға азайды. 1941-1942 жылдар аралығында 641803 адам аштан қырылды.  1965 жылғы 8 мамырда Ленинградқа қаһарман қала атағы берілді. Қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев пен орыс ақыны Самуил Маршак Ленинград шайқасына өлең арнады.

ҚКХП БҚО баспасөз қызметі

ZKOLeningrad 3ZKOLeningrad 3ZKOLeningrad 3

Прочитано 37 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.