Вторник, 05 февраля 2019 18:15

Кәсіпкерлікті қолдау немесе бөгет жасау ма? Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Астана қалалық комитетінің қоғамдық қабылдауына Гүлмира Бекқожа жолықты. Көпбалалы ана мәртебесіне ие ол 2016 жылдан бастап жеміс-жидек сатып, кәсіпкерлікпен айналысқан. Жергілікті атқарушы органдар көше бойындағы көкөніс павильондарының сыртқы келбетін жақсарту жұмыстарын бастаған соң, Гүлзира сауда нүктелерінен айырылған. Бірақ  оған орнына  бес орын берілген. Алайда бұл жерлерде көкөніс саудасын жүргізу тиімсіз. Ал өтімділігі жоғары орындарда өз павильоныңды орнату үшін аукционды жеңіп алу қажет.

Конкурста белгіленетін сомма 6 миллион теңгеге дейін жетеді, мұндай сомманы оның қалтасы көтермейді.

Гүлмира екі жылдан бері әділеттік іздеп, құзыретті органдардың табалдырығын тоздырып жүр. Нәтиже жоқ.

 Қалалық комитеттің заңгері Гүлмира Бекқожаға қажетті кеңес берді. Дегенмен үміт қалалық билікте. Қала билігі отбасының қамы үшін кәсіпкерлікті кәсіп еткен көпбалалы анаға өтімділігі жақсы жерден бір павильон бере алмас па? Небәрі бір павильон ғой.

Прочитано 37 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.