5 ақпан күні халық қалаулысы ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы Гаухар Нұғымановамен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығында болды. ХҚКО жетекшісі коммунистерді мекеменің қызметі және ұжымымен таныстырды. Сонымен қатар қонақтар ХҚКО келушілерімен қызмет көрсету сапасы жайында сұхбаттасты.
Сол күні М.Магеррамов құқық қорғау жүйесі қызметкерлерімен кездесті. Депутат Павлодар облысы ІІД жетекшілігімен кездесіп, жергілікті полиция қызметінің жұмысымен танысты, екі бекініс пунктінде болып, бөлімше қызметкерлерімен әңгімелесті.
Өз сөзінде мәжілісмен азаматтардың полицияға, жалпы мемлекетке деген қарым-қатынасы бөлімшелік полиция қызметкерлерінің халықпен жұмыс жасау сапасына байланысты екенін атап өтті.