Среда, 06 февраля 2019 16:06

Депутат Айқын Қоңыров Қарағанды облысының әкімі Ерлан Кошановпен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

«Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Айқын Қоңыровтың Қарағанды облысындағы жұмыс сапары облыс әкімі Ерлан Кошановпен кездесумен басталды.

Аймақ басшысымен кездесу барысында коммунист «Халық коммунистері» фракциясының қызметі, оның жұмыс нәтижесі мен алға жоспарланған іс-шаралар төңірегінде айтып берді. Әкім өз кезегінде мәжілісменді әкімдіктің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары жайында хабардар етті. Негізгі басымдық аймақты дамыту мәселелері мен әлеуметтік аспектілерге берілді.

Кейін Айқын Ойратұлы ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінде болып қайтты. Обком активімен кездесу барысында депутат Парламенттегі коммунистер фракциясының жұмысы туралы ғана емес, елдегі экономикалық және саяси жағдай тақырыбы, Қазақстанның әлемдік сахнадағы перспективасы туралы да сөз қозғады. Сонымен қатар А.Қоңыров қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алға қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы жолдарымен бөлісті.

AkimKaragKonurov 5AkimKaragKonurov 5AkimKaragKonurov 5AkimKaragKonurov 5AkimKaragKonurov 5

Прочитано 11 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.