Пятница, 08 февраля 2019 10:26

Т.Сыздықов Шымкент ТЖД қызметкерлерімен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 7 ақпанында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов Шымкент қаласы ТЖ жөніндегі департаменттің Дағдарыс орталығында  болып, департаменттің жеке құрылымымен, жетекшілерімен және құрылымдық бөлімшелерімен,  ведомстволық ұйымдарымен кездесті. Кездесуге Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Шымкент қалалық комитетінің бірінші хатшысы Н.Қадырқұлов қатысты.

ТЖ жөніндегі департамент басшысы, азаматтық қорғаныс полковнигі Н.Дербісов депутатты қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары бойынша жеке құрамның атқарған жұмыстарымен  таныстырды.  ТЖД жетекшісінің ақпараты бойынша, аймақта жазатайым оқиғалар 10%-ға, ал қайтыс болғандар саны 32%-ға төмендеген.

Кездесуде арнайы техника мен жабдықтар тапшылығы, көппәтерлі нысандар мен сауда нүктелерін қабылдаудағы бақылаудың аздығы сияқты мәселелер көтерілді.  Сонымен қатар Н.Дербісов департаменттің азаматтық қорғаныстың басқа да бөлімшелерімен байланысы  маңыздылығын атап өтті.

Спикердің баяндамасынан соң Тұрғын Ысқақұлы қатысушыларды партия және «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының қызметімен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.

SyzdShimk2 5SyzdShimk2 5SyzdShimk2 5SyzdShimk2 5SyzdShimk2 5

Прочитано 37 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.