Пятница, 08 февраля 2019 10:36

Т. Сыздықов Шымкенттегі азық-түлік бағасымен танысып, студенттермен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

7 ақпан күні депутат-коммунист Тұрғын Сыздықов Шымкент қаласының Индустриалды-техникалық колледжінде болды. Депутат колледждің оқу цехтарымен, білім беру үрдісімен танысты. Сонымен қатар оқу мекемесінің ұжымымен және студенттерімен кездесті.  Колледж директоры Т.Исахметов өз сөзінде білім мекемесінің бірқатар мәселелерін көтерді: оқу шеберханаларының толық жабдықталмауы, Жұмыспен қамту орталығының нашар жұмысының салдарынан түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі. Сондай-ақ ол студенттерді тегін тамақпен және шәкіртақымен қамту қажеттілігін айтты.

Өз кезегінде депутат бұл мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпалдасатындығын жеткізді.

Кейін Т.Сыздықов Шымкент қаласының Гагарин көшесінде орналасқан базарында болып, негізгі азық-түлік бағаларымен танысты. Мәжілісменнің айтуынша, Шымкентте Астанамен салыстырғанда азық-түлік бағасы 1,5 есеге төмен, тек картоп қымбаттау. Астанада картоптың бір келісі 60-70 теңге тұрады, ал Шымкентте 100-120 теңге. Бұл көлік шығынына байланысты болар.

ShimkSyzdRynok 12ShimkSyzdRynok 12ShimkSyzdRynok 12ShimkSyzdRynok 12ShimkSyzdRynok 12ShimkSyzdRynok 12ShimkSyzdRynok 12ShimkSyzdRynok 12ShimkSyzdRynok 12ShimkSyzdRynok 12ShimkSyzdRynok 12ShimkSyzdRynok 12

Прочитано 30 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.