Среда, 13 февраля 2019 17:44

Ақтауда ленинградтық блокаданың тарихи маңызы талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

27 қаңтар күні Ленинградтың фашистік блокададан толық азат болуына 75 жыл толды. Ленинград қаласы 871 күн қоршауда болған.

2019 жылдың 4 ақпанында Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің мәжіліс залында осы тарихи оқиғаға арналған қоғамдық пікірталас өтті. Пікірталас қатысушылары «Блокада бұл – қылмыс па әлде әскери әдіс пе?», «Ленинградтық блокаданың тарихи маңызы», «Қазақстандағы ҰОС-на деген заманауи көзқарас» тақырыптарын талқылады.

Қоршаудағы Ленинград туралы ардагер, блокаданың куәгері Л.Фомина әңгімелеп берді. Ш.Есенов атындағы КМТИУ-дың теңіз факультетінің курсанттары Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңін оқыды. Сонымен қатар пікірталас барысында ленинградтық блокада оқиғасы туралы слайд көрсетілді.

Іс-шара соңында ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті атынан Л.Фоминаға естелік сыйлық табысталды.

Кейін Маңғыстау облыстық комитетінің хатшылары Р.Махамбетова мен С.Қарабалаева аудандық комитеттің хатшысы Р.Юсуповпен бірге денсаулығына байланысты кездесуге қатыса алмаған ленинградтық блокада ардагері Л.Караджянның шаңырағына барып қайтты. Коммунистер ардагерді елеулі датамен құттықтап, арнайы сыйлық табыстады.

MOFBlokada 5MOFBlokada 5MOFBlokada 5MOFBlokada 5MOFBlokada 5

Прочитано 199 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.