Среда, 13 февраля 2019 17:43

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Президент өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру қажеттілігін атап өтті. 

Білім және ғылым министрлігіне әкімдіктермен бірлесе отырып тиісті «жол картасын» құрастыру тапсырылды.

Заманауи «Балапан» бағдарламасы мен мектепке дейінгі білім беру саласындағы кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде көптеген аймақтарда қысқа мерзім ішінде  3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды білім және тәрбиемен қамту мәселесі шешілген болатын. «Балапан» бағдарламасы аяқталған соң, жан басына нормативтік қаржыландыруға өту басталғалы көптеген балабақшалар әкімдіктер жанындағы комиссиялардан  өту қажеттілігі сияқты мәселеге тап болып отыр. Бұл комиссия жеке меншік балабақшалардың қаржыландыру мәселесін шешеді. Шешімді комиссия мүшелері қабылдайды, мұның өзі сыбайлас жемқорлық қауіпін тудыртып отыр. Рұқсат етілген құжаттардың барлығы дұрыс болған жағдайдың өзінде, бір балабақша қаржыландырылады, ал екіншісі оған лекпейді. Бюджеттік қолдау 3 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балаларға бірдей көрсетілмейді. Қаржыландыру комиссия мен әкімдік шешім қабылдаған балалар санына ғана беріледі.

Бұл мектепке дейінгі білім беру қолжетімділігінің төмендеуіне, ата-аналар арасындағы түсініспеушілікке әкеліп соқтырады, яғни балаларға бірдей мүмкіндік берілмейді. Бұл тәсіл жан басына нормативтік қаржыландыру ұстанымын жоққа шығарады. Себебі балаларды қаржыландыру белгілі бір комиссиялардың шешіміне тәуелді болмауы тиіс.

Комиссия отырысы жылына 2 рет өтеді, бала 3 жасқа толып қойса,  жан басына  қаржыландыру көмегі балаға бірден түседі дегенді білдірмейді.  Комиссия, мәслихат отырысын, қаражаттың мақұлдануын және түсуін күту қажет. Мұның барлығы белгілі себептерге байланысты болмай қалуы да мүмкін. Осылайша, шенеуніктердің жұмысы үшін қолайлылық балалардың мектепке дейінгі білім алу құқығынан жоғары қойылған. Нақты бір балаға жан басына нормативтік қаржыландыру қаражатын бағыттау барысында цифрландыру мүмкіндіктерінің пайдаланылмауы таң қалдырады. 

Жан басына нормативтік қаржыландыру жеке тәрбиеленушіге бағытталатын болса, бұл балабақшалар арасында жақсы сапа үшін бәсекелестік тудыртар еді. Себебі тәрбиеленуші басқа балабақшаға ауысып кете алады немесе балабақша ата-анасының көңілінен шықпауы мүмкін. Бұл жеке меншік және мемлекеттік балабақшаларға да қатысты.

Осыған орай мынадай ұысыныс жасаймыз:

  1. 3 пен 6 жас аралығындағы барлық балалардың мектепке дейінгі білім берумен объективті қамтылу тәсілін қамтамасыз ету мақсатында жан басына қаржыландыру ережелерін бала соңынан қаржыландыру әдісі бойынша жетілдіру қажет. Жан басына қаржыландыруды үлестіру барысында адами факторларды жою керек. Цифрландыру арқылы барлық балалар бағдарламада тең құқыққа ие болулары тиіс, қызмет бала 3 жасқа толғаннан бастап көрсетілуі міндет.
  2. Мектепке дейінгі міндетті дайындық енгізілгендіктен, осы оқу жылынан бастап ата-аналардың қалауымен балабақшаларда осы сатыдағы білім алудың қаржылық және ұйымдастырушылық механизмдерін анықтау.
  3. 1,5-2 жастағы балаларды жан басына қаржыландыру арқылы мектепке дейінгі біліммен қамту мүмкіндігін қарастыру. Президент айтқандай: «Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады». Сонымен қатар бұл ата-аналарға жұмыс істеуге, кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік тудыртады. Жалпы отбасылардың өмір сапасын арттырады.

Депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:             

И. Смирнова

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров 

В. Косарев

М. Магеррамов

Т. Сыздықов

13.02.2019 жылы жарияланды

Прочитано 6 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.