Среда, 13 февраля 2019 18:12

Көпбалалы аналар Астана қалалық комитетінде қалалық тұрғын үй қорының басшысымен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

13 ақпан күні ҚКХП Астана қалалық комитеті  «Шапағат» халықтық жобасы мен қоғамдық қабылдау аясында әлеуметттік жағынан аз қамтылған отбасылардың Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» ҚМУ қызметкерлерімен кездесуін ұйымдастырды.

Сөз басында қалалық комитеттің бірінші хатшысы Н.Оразханов жиналғандарды кездесудің тәртібі және мақсатымен таныстырып, әр адам көкейінде жүрген сауалға жауап ала алатындығын ескертті.

Астана қ. әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» ҚМУ директоры Н.Қажахметов пен  хаттама және есеп бөлімінің жетекшісі М.Әлниязова тұрғын үй қорының қызметі туралы айтып, баспана алу талаптары, тұрғын үй кезегі, есеп немесе тізімге тұру үшін қажетті құжаттар, қолданыстағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары сияқты  сұрақтарға жауап берді.

Ерекше назарға алынатын жеке сұрақтар да болды, мұндай мәселелердің мән-жайын жан-жақты анықтау үшін  кейбір азаматтар әкімдікке шақырылды.

AstFondZhil 6AstFondZhil 6AstFondZhil 6AstFondZhil 6AstFondZhil 6AstFondZhil 6

Прочитано 10 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.