Сейсенбі, 12 Ақпан 2019 17:22

Блокададағы ленинградтықтардың ерлігі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті Әскери Даңқ музейінде Ленинградтың фашистік блокададан азат етілуінің 75 жылдығына арналған іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында барлық қатысушылар бір үзім қара наннан ауыз тиді. Сондағы мақсат блокададағы халықтың бір үзім нанды қорек етіп, ерлік пен табандылыққа баруларын сезіну болды.

Кездесуде ленинградтық шайқасқа қатысқан қазақстандық жауынгерлердің ерлігі туралы ақпаратпен қоса, Қазақстанда құрылған 310-шы және 314-ші дивизияның шайқас алаңдарында зерттеулер жүргізген іздестіру отряды туралы «Переправа» деректі фильмі көрсетілді. Сонымен қатар біздің жерлестеріміз үшін Ленинград майданында қазақ тілінде жарық көрген «Отанды қорғау» майдандық газетінің түпнұсқа тігіндісі көрсетілді.

Pavl75blokada 14Pavl75blokada 14Pavl75blokada 14Pavl75blokada 14Pavl75blokada 14Pavl75blokada 14Pavl75blokada 14Pavl75blokada 14Pavl75blokada 14Pavl75blokada 14Pavl75blokada 14Pavl75blokada 14Pavl75blokada 14Pavl75blokada 14

Прочитано 218 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.