Вторник, 19 февраля 2019 09:55

Астанада жастар мәселесіне арналған қоғамдық пікірталас өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 18 ақпанында ҚКХП Астана қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен  «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және студенттер қатысты. 

Қатысушылар алдында қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов  сөз сөйледі. ҚКХП Астана қалалық комитеті бюросының мүшесі Нұрсұлу Сәлімбаева баяндама оқыды. Баяндамада қазақстандық жастардың негізгі мәселелері аталды: сапалы білім алудың төмен қолжетімділігі; жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі; әлеуметтік кепілдіктердің жоқтығы, баспана мәселесі; қазақстандық жастардың ішкі және сыртқы миграциясы; материалдық теңсіздіктің салдарынан туындаған жастар ортасындағы әлеуметтік шиеленіс.

Қалалық комитеттің жауапты ұйымдастырушысы Ислам Сұңқар қалалық комитет қызметкерлерінің колледж және ЖОО студенттері арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Пікірталас барысында жастар өздерінің мәселлерімен бөлісіп, ұсыныстар жасады. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қорытынды құжат пен хаттама жасалынды, оның нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар үшін ұсыныстар қалыптастырылады.

AstMolodezh 5AstMolodezh 5AstMolodezh 5AstMolodezh 5AstMolodezh 5

Прочитано 202 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.