Пятница, 15 февраля 2019 11:00

Қостанай облыстық комитеті «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 14 ақпанында ҚКХП Қостанай облыстық комитеті «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Іс-шараға билік және саяси партиялар мен БАҚ өкілдері, депутаттар, академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттері қатысты.

Пікірталас барысында Қостанай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарманың бас маманы А.Елубай, Жұмыспен қамтуды үлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі А.Қабденова, «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметкері А.Ескендірова, ҚКХП ОК Хатшысы Д.Легкий, Қостанай қалалық мәслихатының депутаты А. Кабдулинова, «Ауыл» ХДПП-ның үйлестіршісі А.Күйшінова, «Ақ Жол» ҚДП жастар саясаты жөніндегі жетекшісі А.Сухомлинова, ҚӘТУ өкілі Д.Абдулина сөз сөйледі.

Кездесуде баспана, несие, жастарды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларының қолжетімділігі мәселелері тілге тиек етілді.  Пікірталастың қорытынды құжатына жастарды қолдау, әсіресе «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасыларға қолжетімді несие қарастыру; жалдамалы баспана бағдарламасын құру;  жас мамандарды даярлауды жоспарлау жүйесін құру; жас мамандарды жұмыспен қамту мақсатында өндірістік ксіпорындармен оқу орындарының байланысын арттыру; тәжірибе алмасу мен байланыс орнату мақсатында жастар форумдарын өткізу; балалар мен жастар ұйымдарына ақпараттық қолдау көрсету (аула клубтары мен балалар үйірмелеріне интернет сайттарын тегін  ашу және жүргізу); жастарды қолдауға арналған бағдарламалар туралы халықты кеңінен ақпараттандыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17KostMolodezh 17

Прочитано 17 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.