Четверг, 21 февраля 2019 11:17

Бәрі өз қолымызда Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

20 ақпан күні М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» атты қоғамдық пікірталас өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледждердің 60-тан астам өкілдері Аршалы, Бурабай және Зеренді аудандарының жастары қатысты.

Талқылау модераторы Бейсенбай Мәжитов Жастар жылында Президенттің алға қойған мақсат-міндеттері қағаз жүзінде емес, іс жүзінде іске асырылуы үшін жастар мәселелесі туралы ашық айтуға ұсыныс жасады.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының өкілі Әділет Семби қатысушыларды Жастар жылында Ақмола облыстық әкімдігінің атқаратын іс-шаралар жоспарымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Кәсіпкерлер қауымдастығының жетекшілері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ мен саяси партия өкілдері, оқу орындарының оқытушылары мен жастар жастар саясатын іске асыру және қазақстандық жастардың мәселелерін шешуге қатысты өз ойларын ортаға салды.

Талқылау нәтижесі бойынша қорытынды құжат қабылданды.

AqkmVseVNash 6AqkmVseVNash 6AqkmVseVNash 6AqkmVseVNash 6AqkmVseVNash 6AqkmVseVNash 6

Прочитано 14 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.