Среда, 20 февраля 2019 17:13

Павлодар облыстық комитетінің коммунистері көпбалалы отбасыға көмек көрсетті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауына Павлодар ауданы, Набережное ауылының тұрғыны, бес баланың анасы В.Нестерова көмек сұрап келді.

Ол отбасымен апатты жағдайдағы жалдамалы пәтерді паналап отырғанын, үйін жылытуға, балаларын киіндіруге шамасы жетпейтінін және атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж екенін айтты. Өз кезегінде Павлодар облыстық комитетінің коммунистері азаматша  В.Нестерованың өтінімі негізінде Павлодар ауданының әкіміне көпбалалы отбасының көмір, отын алуына, оқушы балаларының мектеп киімі мен оқуға қажетті құрал-жабдықпен қамтылуына  ықпал ету туралы хат жолдады.

Коммунистердің бастамасымен көмекке мұқтаж отбасыға биылғы жылдың бірінші тоқсанында атаулы мемлекетік қолдау көрсетілетін болды. Көмір мен отын алуға бір реттік материалдық көмек берілді. Отбасындағы оқушылар тегін ыстық тамақпен, оқуға қажетті құрал-жабдықпен қамтылды. Таяуда көктемде киетін жылы киіммен аяқ киімге қаржы қарастырылады.

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті

Nester5detey 2Nester5detey 2

Прочитано 48 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.