Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 17:01

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә.Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Мемлекет басшысы үнемі қолданыстағы заңдар қоғамдық қатынастарды реттеп, адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуы және еліміздің дамуы үшін құқықтық базаны жетілдіруі тиіс екеніне назар аударып отырады.

Осы талап аясында коммунист-депутаттар заңдарға дер кезінде толықтырулар мен өзгерістер енгізу уақыт талабы деп санайды.

Қоғамдық көліктің қоғамдағы рөлінің артып келе жатқанын ескере отырып, мемлекет пен тұрғындардың мүддесін бір-бірімен үйлестіру, қала көшелеріне түсетін салмақты азайту сонымен қатар экологиялық және  экономикалық мәселелерді шешу үшін Парламентте қаралып жатқан «Жол жүрісі туралы» заңның бірқатар баптары мен құқықтық-нормативтік актілеріне өзгеріс енгізу қажет деп ойлаймыз. 

Біріншіден, заңның 74-ші бабына, әсіресе 2-ші тармағына өзгеріс енгізу қажет. Себебі дәл осы тармақ «D» санатындағы көлік жүргізушілеріне жасына қарай көлік жүргізуге шек қойып, саланың дамуына кедергі келтіріп отыр. Салдарынан республика бойынша 9 мың автобус жүргізушісінің

тапшылығы туды. Бұл жалпы қажеттіліктің 30%-ы. Астанада шамамен

960, Көкшетауда 100-ге жуық, Шымкенте 500-ден астам автобус жүргізушісі жетпей жатыр. Таразда 180 автобусы бар «Әулиеата ТрансПасс» кәсіпорны автобустарының 50%-ы жүргізушінің жоқтығынан тоқтап тұр. Осыған ұқсас келеңсіз жағдай еліміздің барлық аймағында бар.

Тәжірибе  автобус жүргізушісі болғысы келетін 25 жасқа дейінгі азаматтар аз екенін көрсетіп отыр. Өйткені автобус жүргізушілерінің жұмыс кестесі, оларға қойылатын қатаң талап және мардымсыз жалақы көпшілікті қызықтырмайды. Қазіргі уақытта бірқатар қалаларда «Д» санатындағы жүргізушілерді даярламайды. Бұл санат жастар үшін қолжетімсіз. Автопарктер бұрынғы, ескі құраммен жан сақтап отыр. Жағдайдың ушығып тұрғанын және оны шешу қажет екенін түсіну үшін осы статистиканың өзі жеткілікті.

Өзгеріс енгізу бастамасын қолдаушылар автобус жүргізушілеріне жасына қарай көлік жүргізуге шек қою қауіпсіздік үшін қажет екенін түсінеді. Алайда мәселе бұдан емес, жүргізушілерді сапалы даярлау мен олардың жауапкершілігінен және қауіпсіздік шараларының тиісінше сақталмауынан туып отыр деп санайды.

Дәл қазіргі уақытта өздігінен дайындалғандар мен онлайн оқығандарға көлік жүргізушісі куәлігін беру және болашақ көлік жүргізушісінің білімін автодромдар мен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана тексеру асығыс қабылданған шешім. Біз көлік жүргізушілерін мемлекет пен қоғамның қатаң қадағалауымен лицензиясы бар ұйымдар даярлауы тиіс деп санаймыз.

Әлемде мықты деп танылған мемлекеттердің тәжірибесін көзсіз көшіріп алу қоғамға қауіп төндіреді. Жол ережесін жаттап алу қиын емес,

қауіпсіздік негізін, көлік жүргізушісі мәдениетін меңгеру қиын.

Жол ережесін көлік жүргізушісі куәлігін ықпалды туыстары немесе жемқорлық арқылы алған жас адамдар көп бұзады. Олар жол жүру барысында өзгелерге кедергі келтіреді,  жылдамдықты шектен тыс асырады және алкогольді ішімдік ішіп, көлік басқарады.

Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жеке тасымалдаушылардың кесірінен болады. Автокөліктердің техникалық байқаудан, ал көлік жүргізушілерінің медициналық тексерістен пара беріп өтетіні де жасырын емес.

Жүргізушілерді даярлауда және оларға жүргізуші куәлігін беруде қисын жоқ. Олар автомектептерде оқиды немесе онлайн дәріске қатысады. Кейін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтихан тапсырып, ІІМ-нен көлік жүргізушісі куәлігін алады. Осылайша көлік жүргізушілерінің кәсіби біліктілігін бақылау назардан тыс қалады

«Халық коммунистері» фракциясы Үкімет ведомстваларының арасында осыған қатысты қарама-қайшы пікір бар екенін алға тарта отырып, Сізден құзырлы органдарға жоғарыдағы заң мен құқықтық-нормативтік актінің кейбір баптарының халықтың мүдесіне сай немесе сай емес екенін  анықтау туралы тапсырма беруіңізді сұрайды.

Бұл Президент жариялаған «Жастар жылында» аса маңызды мәселе. 18 жасында адамдар Отан алдындағы азаматтық борышын өтейді. Әскерден оралғаннан соң олар жауапты міндеттерді атқаруға, оның ішінде автобус жүргізуге қабілеті мен қарымы жетеді. Тек олардың жауапкершілік жүгін абыроймен көтере алатынына сенім білдіру қажет.

Жауапты заңмен белгіленген мерзімде жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз.

«Халық коммунистері» 

фракциясының мүшелері:

Сыздықов Т. Ы.

Ахметбеков Ж.Ә.

Баймаханова Г. А.

Қоңыров А. О.

Косарев В. Б.

Магеррамов М. М.

Смирнова И. А.

2019 жылы 20 ақпанда жарияланды

Прочитано 235 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.