Четверг, 21 февраля 2019 16:40

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Мемлекеттік басқару органдарының жастарды еңбекке тарту және өзін өзі жұмыспен қамтуды жою жұмыстары ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға, олардың табыстарын молайтуға бағытталған. Бұл жайлы соңғы кездері Мемлекет басшысы жиі айтып жүр.  Мұның барлығы адамдар арасында жақсы ахуал қалыптастырып, билік органдарына сенім тудыртады.

Өндірістік салаларда еңбек ақысы өнім өндіру ақымынан әлдеқайда артта қалған. Агроөндіріс кешенінде механизаторлардың еңбек ақысы өндірістік өнім құнының 3-7 пайызын құрайды. Бұл жұмысшылар бес ай ғана жұмыспен қамтылады, қалған уақытта олар техника жөндеумен айналысады, бірақ ол үшін жалақы алмайды. Жалақы бірнеше айға кешігетін кездер де болады.
Жұмыс барысында инновациялық әдістерді қолданатын үздік жұмысшылардың да жалақысы артпайды.
Мұндай жағдай қайта өндіру кәсіпорындарында, металлургия және құрылыс салаларында да байқалып отыр.
Мемлекеттік органдар жалақының артуына ықпалдаспайды, пайда ауқымы мен оның пайдаланылуын бақылаймайды.
Біздің отандық кәсіпорындар өндіріске ғана емес, әлеуметтік құрылымның дамуына да қаражат сала алады.
Жұмысшыларға деген мұндай қарым-қатынастың жекелеген мысалдары жұмысқа деген ынтаны арттырып, кадрлардың кетуін қысқартады, жастардың жұмыста орнығуына ықпалдасады, ең бастысы өндіріс арта түседі.
«Халық коммунистері» фракциясы өндірістегі жалақы мәселесін алға тартып, құзыретті органдар жеке меншік иелеріне жалақыны көбейткізу әдістерін табатынына сенім білдіреді.
Лайықты жалақы алатын жұмысшы өндіріс дамуының ғана емес, жалпы мемлекеттік құрылымның қуатты ресурсына айналады.
Депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймын.

«Халық коммунистері»
фракциясының мүшелері:
В. Косарев
Ж. Ахметбеков
Г. Баймаханова
А. Қоңыров
М. Магеррамов
И. Смирнова
Т. Сыздықов

20.02.2019 жылы жарияланды

Прочитано 42 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.