Четверг, 21 февраля 2019 16:54

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан  Республикасының

Премьер-министрі 

Б.Ә.Сағынтаевқа 

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Су қолданудың әлемдік тәжірибесінде судың барлық түрі, оның ішінде жер асты сулары табиғи ресурс болып табылатыны нақтыланған. Жер асты суларын тұрмыстық тұтынуға пайдалануға қатысты мемлекеттік геологиялық зерттеу ұйымдастыру мен өткізудің уәкілетті органы – Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті болып табылады.

27.12.2017 жылы қолданысқа берілген Қазақстан Республикасының  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі мен 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 126-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында жер асты суларын іздеу-бағалау жұмыстарын лицензия иегерлері ғана жүргізе алатыны, алайда оларға Үкіметтің шешімімен ерекше жағдайда ғана болмаса, геологиялық зерттеу жүргізуге рұқсат берілмейтіні жазылған. Сонымен қатар лицензия бонусы 2000 АЕК-ті құрайтыны көрсетілген.

Алайда қазіргі уақытта кезінде жер қойнауын пайдаланған барлық су тұтынушылары уәкілетті органда жер қойнауын зерттейтіні мен жер асты суының қоры бар екенін растауы және су тұтынуға арнайы рұқсат рәсімдеуі тиіс.

Көп жағдайда қор болмайды, салдарынан барлық су тұтынушылары рұқсат рәсімдеу мүмкіндігінен айырылып, сусыз қалады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Су кодексінде» жер асты суларын пайдаланған кездегі барлау жұмыстары мен су қорын қайта бағалау қарастырылмаған.

Сонымен қатар коммерциялық және коммерциялық емес мақсатта

жер асты суының ресурсын іздеу мен бағалау жұмысын су тұтынушылары өз қаражатына атқарсын деген құқықтық негіз жоқ.

Бұл ретте сараптауды ұйымдастыру мен жер асты суларының қорын бекіту мен оны су шаруашылығының балансына қосу шаралары нәтижесіз жүргізіліп отыр деп санаймыз.

Жоғарыда көрсетілген барлық мәселелер уақыт оздырмай шешуді талап етеді.

«Қазақтан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының  мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 27 бабына сәйкес, заңда көрсетілген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары:

Г.А. Баймаханова

Ж.Ә. Ахметбеков

А.О. Қоңыров

В.Б. Косарев

Г.А.Щегельский

М. Д. Бопазов

К. А. Қаракен

С. Т. Сейдуманов

М.М. Магеррамов

И.С. Үнжақова

И.В. Смирнова

Т.Ы. Сыздықов

Ш.А. Өтемісов

О.В. Шишигина

А.С. Мурадов

А. С. Платонов

20.02.2019 жылы жарияланды

Прочитано 101 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.