Пятница, 22 февраля 2019 13:12

Жастарды қолдау – болашаққа қадам Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті облыстық Кәсіподақ орталығымен бірлесе отырып, «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Іс-шараға «Нұр Отан», «Ақ жол» саяси партияларының, жастар саясаты бөлімінің, кәсіпкерлік пен кәсіподақ және Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Пікірталастың ең басты қатысушылары жастардың өздері болды.

Қоғамдық пікірталасты іс-шараның модераторы, ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы А.Баранов ашты:

- Ел болашағы жас ұрпақтың қолында. Президент 2019 жылды Жастар жылы деп бекер жарияламады. Жастарға ел игілігі үшін не қажет? Ең біріншіден, қолжетімді және сапалы білім. Екіншіден, лайықты жалақы. Үшіншіден, баспана. Бірақ бізде білім ақылы, ал оның деңгейі жоғары емес.  Тәжірибесіз жұмыс іздеу нәтиже бермейді. Тағылымдамадан өтушілердің жалақысы да мардымсыз. Қымбат баспана да қолжетімсіз.  Осының салдарынан жастардың болашаққа деген үміті үзіледі.  

Облыстық комитеттің Жастар қанатының өкілі Сәкен Советов жастар санатына берілетін мүмкіндіктердің теңсіздігі туралы сөз қозғады:

- Ауылды жерлерде ірі қалаларға қарағанда жақсы білім алу, бос уақытыңды тиімді ұйымдастыру, жұмыс табу  қиын. Бұл мәселені шешу үшін уақытша болсын жұмыспен қамтитын Жол картасы қарастырылған. Бұған қоса мемлекеттік жастар саясаты да маңызды. Бұл жерде да нақтылықтан гөрі ресмилік басым. Болашақтың негізі жастар десек, қазірден бастап оларға жағдай жасау керек. Негізінен мемлекеттік бағдарламалар бар, қоғамдық жастар қауымдастықтары жұмыс істейді. Бірақ олар туралы көбісі біле бермейді.

«Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Дәрия Хамитжанова ұйымның жұмысы, жастар кәсіподақтары, тренингтар, форумдар мен көшпелі лагерьлер жайлы хабардар етті.  «Келешек» жастардың бір бірімен қарым-қатынасы, тәжірибе алмасу, кәсіптік бағдар, шығармашылық жобаларды құру үшін жағдай жасайды», - деді ол.

«Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығы» МҚУ-дың әлеуметтік-құқықтық және сараптама жұмысы жөніндегі директор орынбасары Жанар Турлина жастардың шығармашылық бастамаларына үнемі қолдау көрсетуге әзір екендіктерін, ол үшін байланыс алаңдары, коворкинг, тиісті интернет ресурстары құрылып жатқандығын айтты.

Гимназия оқушысы Гарри Азарян жастарды біріктіретін, оларға мотивация беретін идея керектігін, ол үшін жаңа салмақты жастар саясаты қажет екендігін айтты. Сонымен қатар ол қазіргі жастар елдің қоғамдық өміріне белсене араласпайтындығын тілге тиек етті. Бұған қоса жастар мектеп жасынан бастап қоғамдық ғылымдарға ден қоймайтындығын айтты. Мектептерде тарихшы, қоғамтанушы, саясаттанушы, әлеуметтанушы мамандар тапшы.

Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының вице-президенті Степан Вадюнин өзінің кәсіп құру жолымен бөлісті. Ол өз еңбегімен жетістікке қол жеткізген.  «Жастардың барлығы бірдей білімдерін жетілдіруге ұмтылмайды. Дипломы бар жастардың жұмыссыздығы жайында айтатын болсақ, кез келген уақытта басқа кәсіпті меңгерудің жолы бар», - деді ол.

Облыстық комитеттің хатшылары Александр Зевахин мен Анатолий Баранов ҚКХП-ның жастар мәселесіне қатысты бастамаларын оқыды.

Қарағанды облысы Кәсіподақтық орталықтың төрағасы Болат Жұмабеков жастарға өздерін таныту үшін мүмкіндік беру керектігін айтты. «Аға буын үнемі жастарға қолдау көрсетеді.  Мен кәсіподақ өкілі ретінде қауіпсіздік пен уақытылы жалақыны қамти аламын, бірақ мобильділік пен белсенділік жастардың өзінен болуы тиіс. Ең бастысы өзіңе деген сенім мен әрекет ету қажет», деді ол.

KRGmoloddiskuss 7KRGmoloddiskuss 7KRGmoloddiskuss 7KRGmoloddiskuss 7KRGmoloddiskuss 7KRGmoloddiskuss 7KRGmoloddiskuss 7

Прочитано 158 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.