Пятница, 22 февраля 2019 09:46

ШҚО коммунистері студенттерді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсене қатысуға шақырды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 20 ақпанында Шығыс Қазақстанның халық коммунистері Өскемен экономика және қаржы колледжінде «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Іс-шараға мемлекеттік атқарушы органдардың қызметкерлері, студенттер мен ұстаздар, БАҚ өкілдері қатысты.

ҚКХП ШҚОБ-ның бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов:

- Қазақстан Президенті 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Осыған орай заманауи талаптарға  сай пәрменді жастар саясатын жүргізу керек. Жастардың барлық әлеуетін іске қосу үшін оларға тиісті жағдай жасау қажет. Қазақстанда жастар саясаты бір ізге қойылмаған. Елімізде шамамен 700 жастар ресурстық орталықтары мен ұйымдар қызмет жасайды. Көптеген мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатыр. Бірақ  жобалардың басым бөлігі жастар арасында танымалдылыққа ие емес. Барлық атқарушы органдар, саяси және қоғамдық ұйымдарға жастар саясатын жүргізуде тиімділікті арттыру мақсатында жұмыс жасау керек. Дені сау және білімді жастар  – ел болашағы, жастарға қандай ресурс салынса, елдің даму болашағы, оның саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы да сондай болмақ.

Облыстық комитеттің екінші хатшысы Сергей Михеев колледж стденттеріне бірнеше сұрақ қойды: «Жалпы қалалық жастар ұйымдарының жұмысына қатыстыңыздар ма? Жастар ісі жөніндегі қалалық кеңес жұмысының қызметі  туралы естігендеріңіз бар ма? Ол жерге өзіңіздің ұсынысыңызбен немесе мәселеңізбен барғандарыңыз бар ма?». Қатысып отырғандардың ешқайсысы қол көтерген жоқ.

Сергей Михеев жас азаматтарға жастар жұмысына белсене қатысуға кеңес берді:

- Әрекет жасау керек, біреудің сізге жайлы өмір жасап беруін күтпеу керек. Өз талап-тілектеріңізді, ұсыныстарыңызды алға тартып, олардың іске асырылуына белсене қатысу қажет. 

Кездесудің екінші жартысын коммунистер Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылуының 30 жылдығына арнады. Ардагерлер ауған соғысы туралы естеліктерімен бөлісіп, жастарды елінің патриоты болуға шақырды.

Кездесу соңында белсенді қатысушыларға партияның нышаны бейнеленген кәдісыйлар табысталды.

VkmolodezhStrateg8VkmolodezhStrateg8VkmolodezhStrateg8VkmolodezhStrateg8VkmolodezhStrateg8VkmolodezhStrateg8VkmolodezhStrateg8VkmolodezhStrateg8

Прочитано 40 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.