Суббота, 02 марта 2019 10:22

Қарағанды облыстық комитетінде Коммунистік Интернационал тарихы талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінде Коминтерннің 100 жылдығына арналған қоғамдық пікірталас өтті. Іс-шараға ҚКХП-ның белсенді мүшелері мен жастар қатысты.

Басқосуды облыстық комитеттің бірінші хатшысы Александр Зевахин ашты. Ол қатысушыларды атаулы датамен құттықтады. Коминтерннің құрылуы, мақсаты мен реформалары туралы №38 гимназияның 10 сынып оқушысы Гарри Азарян баяндама оқыды. Коминтерннің қызметі мен Коммунистік Интернационалды трансформациялау әрекеттері туралы  Жастар қанаты жетекшісінің міндетін атқарушы Сәкен Советов баяндап берді.

Баяндамашылардан кейін аға буын өкілдері Коминтерннің қызметі туралы ақпаратқа толықтырулар мен түсініктемелер енгізді. Коминтерннің ыдырауы мен оның басқа саяси ағымдардан өзгешелігі туралы да тілге тиек етілді. Обком Бюросының мүшесі Николай Кучма тақырыпты қызықты әрі маңызды фактілермен толықтырды.

Кездесу соңында қатысушылар жүйелі түрде кездесіп, қызықты тарихи фактілерді талқылап тұруға ұсыныс жасады.

Обкомның екінші хатшысы Анатолий Баранов баяндамашыларға алғыс білдіріп, Қарағанды облыстық комитеті тарихи, қоғамдық және саяси тақырыптарға пікірталас ұйымдастыруды жалғастыратындығын жеткізді.

KRGKomint 5KRGKomint 5KRGKomint 5KRGKomint 5KRGKomint 5

Прочитано 39 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.