Четверг, 28 февраля 2019 15:56

Ақтөбе облыстық комитеті «Коминтерннің құрылуы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Пікірталасты облыстық комитеттің бірінші хатшысы Ж.Молдашев ашып, жастар Коммунистік Интернационалының тарихы туралы қысқаша ақпарат берді.

- Жастар Коммунистік Интернационалы В.И.Лениннің бастамасы мен жетекшілігімен 1919 жылдың қараша айында құрылған. Капиталистік елдердің революциялық жастары Кеңес елдері жұмысшылары мен шаруаларының ісін өздерінің ісі деп, құлдық пен қанаушылықтан құтылу күресінде одан күш-жігер мен рух алып отырған. Әлемдегі ең алғашқы социалистік мемлекет үшін күрес оның тарихындағы қаһармандықтың жарқын бейнесі болды. ЖКИ-дың Кеңес Одағын қолдауға бағытталған барлық идеологиялық-теориялық және тәжірибелік қызметі  К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Лениннің, Коминтерн мен компартияның іліміне негізделген болатын, - деді ол.

ҚКХП Ақтөбе ОК Жастар қанатының жетекшісі А.Жетпісбаева өз пікірін ортаға салды:

- Қазіргі жастар либералды құндылықтардың ықпалымен тәрбиеленуде.  Жастардың көкейінде әлеуметтік мәселелерден гөрі жаңа пәтер мен көлік мәселесі тұрады. Аға буын өкілдері материалдық игіліктерді ойласа, жастар идеалдар мен идеяға қам жейді.

М.Оспанов атындағы БҚММУ-дың Мақсат есімді  студенті өзін коммунизм идеологиясы мен оның әлеуметтік бағыты қызықтыратындығын айтты.

«Әсіресе тегін білім алу, медициналық қызмет және адами әлеуетті дамыту сияқты тұстары көңілге қонымды. Ал капитализмде әділетсіздікке апаратын табысқа басымдық беріледі. Өндіріс қаражаты жеке меншік қолда болса,  бұл халықтың бір тобында ресурстардың көп болуына әкеп соқтырады.  Яғни бұлар билікке ие болады және сол билік арқылы қиянат етеді. Капитализмді ХХІ ғасырда қарастыратын болсақ, бұл жүйенің жаһандық проблемалар мен теңсіздікті жоюға ауқаты жетпейді. Ол адамның әлеуетін дамытуды өзінің мақсаты етіп қоймайды.

Ағымдағы әлемдік тәртіп пен саяси ахуалды ескерсек, алдағы уақытта коммунизмге жету мүмкін емес. Капитализмнің орнына қоғамдық формация ретінде социализм келуі ықтимал, ол заманның жаңа сын-тегеуріндеріне жауап бере алады. Біз, жастар, кеңестік заманда дүниеге келмесек те, сол дәуір мен идеологияның ықпалын біз де сезінеміз». 

AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22AktMolodFeb 22

Прочитано 37 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.