Дүйсенбі, 18 Ақпан 2019 10:27

СҚО коммунистері Ленинградтың фашистік блокададан азат етілуінің 75 жылдығына орай іс-шара өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 11 ақпанында ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Ленинградтың фашистік блокададан азат етілуінің 75 жылдығы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Іс-шараға Ардагерлер кеңесінің мүшелері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Ауыл» және «Бірлік» партияларының өкілдері, ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері, ҮЕҰ-дың өкілдері, қалалық және облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, мектеп директорлары мен ұстаздар, БАҚ қатысты.

Қатысушылар алдында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Степан Федорович Башкиров пен Иван Трофимович Клименко сөз сөйледі.

Сонымен қатар іс-шара барысында 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері туралы «Переправа» деректі филімі мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кино және фотохроника кадрларының көрсетілімі өтті.

Петропавл қаласы Ардагерлер кеңесінің жетекшісі С.Тасеменова, ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы С.Мартемьянов, ҚКХП СҚ ОК Жастар қанатының жетекшісі Виктор Сауков, Петропавл қ. Қоғамдық кеңесінің мүшесі, СҚМУ оқытушысы Павел Афанасьев және тарихшы-ғалым Денис Виноградов ленинградтық блокада оқиғасы мен Петропавл қаласында құрылған 314-ші атқыштар дивизиясының Лениградты қорғаудағы ерліктеріне талдау жүргізді.

Кездесу соңында қабылданған резолюцияға мынадай ұсыныстар енгізілді: саяси партиялардың облыстық бөлімше жетекшілері, облыстық және қалалық Ардагерлер кеңесінің жетекшілері, СҚО Ішкі саясат басқармасының жетекшісі арасында ҰОС қатысушыларының есімдері берілген елді мекендер мен көшелердің және саябақтардың атауларын өзгертуге мораторий енгізу туралы меморандум әзірлеу және қабылдау; облыстық өлкетану музейі, мектептік өлкетану үйірмелері, ардагерлер мен қоғам қайраткерлерінің көмегімен ҰОС қатысушыларының есімдері берілген елді мекендер, көшелер мен саябақтар туралы материалдар дайындау және оларды жариялау; ҰОС жылдарындағы кеңес халқының ерлігі негізінде өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру ісін жалғастыру; мектеп оқушылары, колледж студенттері мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері, Әскери институт курсанттары мен ұстаздардың, Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары арасында 314-ші атқыштар дивизиясы туралы «Переправа» филімінің көрсетілімін ұйымдастыру.

SKOBlokada 4SKOBlokada 4SKOBlokada 4SKOBlokada 4

Прочитано 135 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.