Четверг, 14 февраля 2019 16:22

Жамбыл облысының коммунистері елдегі жастар мәселесін талқылады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Жамбыл облыстық комитеті «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Жиынға мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері,  еңбек арлдагерлері, ТарМПУ мен колледж студенттері қатысты.

Елдегі жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру, жастар мәселесі мен олардың жетістіктері төңірегінде ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жарылқасын Нұрәлиев, еңбек ардагері, ҚКХП ОК Бюросының мүшесі  Магомед Тоқсанбаев, облыстық білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары Талғат Жамалов, «Жамбыл облысы Жастар Альянсы» директорының басқарушысы Раиса Рысқұлбекова, Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Еркебаева, «Болашақ» медицина колледжінің тәлімгері Ілияс Асан, «Ақ жол» ДП облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары Сейсекүл Абдусаттарова, облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Сайлаухан Ашанов, ҚКХП ОК Жастар қанатының көшбасшысы Еркінбек Жаманкеев және т.б. сөз қозғады.

Пікірталасты қорытындылай келе, ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Нұрәлиев қатысушыларды «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының Жастар жылы жастар саясатын қалыптастыру туралы ұсынысымен таныстырды.

ZhambMolod 5ZhambMolod 5ZhambMolod 5ZhambMolod 5ZhambMolod 5

Прочитано 186 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.