Сәрсенбі, 06 Ақпан 2019 15:40

ШҚО коммунистері Ленинградтың блокададан азат етілуінің 75 жылдығына орай іс-шара өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 6 ақпанында Өскеменде Шығыс Қазақстанның халық коммунистері Ленинградтың фашистік блокададан азат етілуінің 75 жылдығына орай қоғамдық пікірталас ұйымдастырды. Облыстық Талдау және болжам жасау институында өткен іс-шараға ШҚО білім беру басқармасының, «Поколение» ҚБ-нің, саяси партиялардың және өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен «Атамекен» арнасының тілшілері қатысты.

Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыруға бағытталған шараларды талқылау болды.

ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов қатысушылар алдында сөз сөйледі. Ол өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

«Біздің қоғам ұрпақ сабақтастығы бағытында жұмыс жасауы тиіс. Жоғары құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа жеткізу міндет. ҚКХП кеңес заманындағы тарихи фактілерді сақтап қалу ұстанымына берік. Партия заманауи конъюнктураға бола тарихи шындықты бұрмалауға қарсы» деді бірінші хатшы.

Облыстық Білім беру басқармасының өкілі А.Исаев өз сөзінде облыс мектептерінде Ұлы Отан соғысы тақырыбын ашу мақсатында қолға алынған іс-шаралар жөнінде хабардар етті. Сонымен қатар ол тарихи құндылықтарға деген мақтаныш сезімін және патриоттылыққа тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.  Ол қатысушыларды мектеп музейлері қызметін кеңейтуге және өлкетану ісін жандандыруға бағытталған жаңа жобалармен таныстырды.

- Қазіргі таңда Қазақстан мен облыстағы тарихи білім беру, идеологиялық және патриоттық тәрбие жағдайы жақсы бағытта дамып келеді, - деді спикер.

ҚКХП ШҚОБ екінші хатшысы С.Михеев қатысушыларды Ленинград блокадасы тарихын жоққа шығару әрекеті туралы хабардар етті. Ал «Поколение» ҚБ-нің өкілдері өздерінің соғыс жылдарындағы балалық шақтарындағы естеліктерімен бөлісті.

Кездесу соңында Ленинград блокадасында қаза болғандардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.

VkoBlokada752VkoBlokada752VkoBlokada752

Прочитано 154 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.