Вторник, 12 марта 2019 10:19

Шығыс Қазақстанның коммунистері Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп ұжымының аруларын 8 наурыз мейрамымен құттықтады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 2 наурызында Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің халық коммунистері Өскемен қаласының Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп ұжымының аруларын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Өзінің құттықтау сөзінде Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы С.Михеев мерекенің өзі халықаралық жұмысшылар қозғалысының социалистік қайраткерлерінің бастамасымен пайда болғандығы туралы айтты. Оның сөзінше, қазіргі коммунистерді бұл мерекенің негізін қалаушылардың ісін жалғастырушылар деп атауға болады. Сергей Михеев  мектеп ұжымына өскелең ұрпаққа беріп отырған тәрбиелік, ағартушылық жұмыстары мен мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруде обкоммен бірлесе жұмыс атқарып отырғандары үшін алғыс білдірді.

Бұдан кейін мектеп педагогтарының, обком мүшелері және Жастар қанаты белсенділерінің қатысуымен қоғамдық пікірталас өткізілді. Сонымен қатар пікірталасқа қаланың өзге де білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Пікірталас қатысушыларының кәсіби құрамын ескере отырып, отырыста негізінен әйел-ұстаз қызметіне қатысты сұрақтар талқыланды.

Отырыста «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданған соң алдағы уақытта педагог жұмысына енгізілетін өзгертулер талқыланды. Коммунистер ұстаздардың барлық ескертпелерін назарға алды. Олар  отырыста көтерілген барлық сұрақтарға талдау жасалынып, олар «Халық коммунистері» депутаттық фракциясына жіберіледі деп уәде берді.

VKODiskus4VKODiskus4VKODiskus4VKODiskus4

Прочитано 5 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.