Среда, 13 марта 2019 10:05

Астаналық комитет әлеуметтік төлемдерді алу шарттарын түсіндірді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазіргі таңда қазақстандық қоғамның негізгі проблемаларының бірі төмен құқықтық сауаттылық болып табылады. Көптеген азаматтар белгілі бір сұрақтар бойынша қайда жүгінерін білмейді. Өздеріне қандай жеңілдіктер тиесілі, қандай құқықтары бар екендігінен хабарсыз.

Астана қалалық комитеті бұл мәселені шешу мақсатында кешенді жұмыстар атқарып келеді. Қала тұрғындарының атқарушы орган өкілдерімен тұрақты түрде кездесулерін ұйымдастырады. 

2019 жылдың 12 наурызында қалалық комитеттің кеңсесінде  Астана қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау жөніндегі бас маманы Нағима Манақбаевамен кездесу өтті. Н.Манақбаева көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға  мемлекеттен берілетін әлеуметтік төлемдерді алу шарттары бойынша кеңес берді.  

AstSocZhas 3AstSocZhas 3AstSocZhas 3

Прочитано 44 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.