Понедельник, 11 марта 2019 11:36

Әйел - мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелері мен болашағы" тақырыбында қоғамдық пікірталас Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 6 наурызында  Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қызылорда облыстық бөлімшесінің ұйымдастыруымен "Әйел - мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелері мен болашағы" тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қызылорда облыстық бөлімшесі Бюро мүшесі Смайлов Мұрат  Қазақстандағы гендерлік теңдік пен отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін талқыға салды.

Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты қамтамасыз етеді. Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде Қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің қолында. Сонымен қатар олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық - бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет.

Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндеттеріне мыналар жатады: билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер.

Қазіргі таңда гендерлік саясатқа біздің мемлекетімізде ерекше көңіл аударылуда.

Біздің қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес-қылмыспен күрес сияқты маңызды мәселе. Өкінішке орай, құрбанның жынысына немесе жасына қарамастан отбасы мүшелеріне зорлық-зомбылық жасаудың көптеген фактілері алаңдатады. Зардап шеккендер бұл туралы ешкімге айтпайды, тіпті тырысса да, іс сотқа сирек келеді. Сонымен қатар, үйдегі зорлық-зомбылық құрбандарын «өзі кінәлі» деп танып, мәселе қаз қалпында қала береді.

Гендерлік саясаттың жүзеге асырылуын ілгерілету мақсатында біздің елімізде толық емес отбасылар көп. Мемлекет бір бала тәрбиелеп отырған аналарға көмектесуі тиіс. Біз әйелдерге жұмыспен қамтудың икемді түрлерін ұсынуға, үйде жұмыс істеу үшін жағдай жасауға тиіспіз. Біздің ойымызша, әйел адамдарға заңмен қандайда бір жеңілдіктер қарастырылуы тиіс. Мысалы, аяғы ауыр әйел адамдар мен 3 жасқа дейінгі балалары бар әйел адамдарға төрт күндік жұмыс күнін белгілеген дұрыс деп есептейміз. Сонымен қатар ай сайынғы алатын жалақының мөлшері де бес күндік жұмыс жасайтын қызметкерлердің жалақысымен тең дәрежеде болуы керек. Сәйкесінше осы мәселені еңбек заңнамасының нормасымен бекіту қажет. Осындай жағдайларда әйел адамдарға көмек көрсетілетін болса, еліміздің гендерлік саясаты да ілгерілей түседі деген ойдамыз.

Жиін соңында ҚКХП Қызылорда облыстық филиалы барлық қатысушыларды 8 наурыз Харқаралық әйелдер күнімен құттықтады.

KZLZhensh 10KZLZhensh 10KZLZhensh 10KZLZhensh 10KZLZhensh 10KZLZhensh 10KZLZhensh 10KZLZhensh 10KZLZhensh 10KZLZhensh 10

Прочитано 52 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.