Среда, 13 марта 2019 17:56

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының        

Премьер-министрі

А.Ұ.Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Президент ел инфрақұрылымының дамуына серпін беру және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Үкіметке 2025 жылға дейін «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыруды тапсырды. 2020 жылға дейін 5 мың шақырым жолды қолданысқа берумен қатар 4 мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар жолды қайта жаңғырту қажет. Жергілікті жерлерге жол салу және жөндеу жұмыстарына аса ірі көлемде табиғи тас, яғни қазба байлық керек.

Табиғи тас жергілікті өндірістің негізі болғандықтан, жоғары сұранысқа ие. Сондықтан оның бағасы қымбат болмауға тиіс.

Кез келген өнімнің бағасы өзіндік құны мен жол шығынынан құралады. Аймақтардың индустриалдық және инфрақұрылымдық жағдайына кері әсерін тигізбеу үшін қазба байлықты пайдалану облыстың құзырлы органдары тарапынан заң бойынша бақылануы керек.

Өкінішке қарай, 2018 жылдың 29 маусымында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заң қолданысқа енгізілгеннен бері көптеген компаниялар жер қойнауын барлау мен игеруге лицензия алуға ұмытыла бастады. Алайда олардың ешқайсысы мақсатына жете алмай отыр.

Тіпті, белгілі бір аумақта жұмыс істейтін тау-кен кәсіпорындарының өзі жол мен плотинаға табиғи тас төсеуге лицензия ала алмайды.

Кодексті жазған адамдардың  инвестордың қазба байлыққа жылдам қол жеткізуіне ықпал еткісі келген бастамасы тәжірибеде бюрократиялық кедергісі мен шығыны көп шаруаға айналды.

Әрине,  деректер базасының болғаны, барлық жұмыстың электронды түрде атқарылғаны жақсы, алайда әзірше бұлай болмай тұр. Тап қазір қазба байлыққа қатысты жер қойнауын пайдалану тәртібін оңтайландыру қажет. Бұл үшін жер қойнауын барлау мен игеруге рұқсат беру шараларын жеңілдету керек.

Осыған орай:

1) Қазба байлықты барлауға қатысты лицензияны өтініш берілгеннен кейін 1 айдың ішінде нақты белгіленген жерге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жер қойнауы департаменті бекіткен тәртіппен және Кодекстің 1 бабының 25 тармағына сай беру керек.

2) Тараптардың келісімінсіз барлау жүргізуге рұқсат етілген аумақтарда жұмыс істейтіндердің лицензиясына ерекше құзірет берілуі тиіс. Бұл  өңірлердегі инфрақұрылымды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

3) Салық мәселесін оңтайландырып, осы бағытта жұмыс істеп жүргендердің өңір мен шағын бизнестің дамуына қосып отырған үлесін ескеріп, оларды  салықтан босату қажет. Мөлшерлемені көлеміне қарай 0,01 АЕК деп белгілеу керек.

«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» ҚР Конституциялық заңының 27 бабына сәйкес, заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

Парламент Мәжілісінің депутаттары:

Г.А. Баймаханова

Ж.А. Ахметбеков

А.О. Қоңыров

В.Б. Косарев

М.М. Магеррамов

И.В. Смирнова

Т.И. Сыздықов

Г.А. Щегельский

А. Т. Қожахметов

Г. К. Бижанова

13.03.2019 ж. жарияланды

 

Прочитано 10 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.